Сегізінші наурыз

/uploads/thumbnail/20190308164026389_small.jpg
- Гүлді қойшы... гүл ғой ертең солады...
- Сізді қойшы.... (Адастырар жол əлі)
- Бүгін қай күн?
- Наурыздың сегізі...
- Бəрі жақсы болады! : ) 

Қар жауып тұр,
Жұтаңдығын жасырмаққа қаланың,
Ал менің ше?..
Мендегі ескі жараның,
Бүгін тағы батқандығын жаныма,
Ұқпады деп кімге кінә тағамын?

Білу ауыр саған ол жан бөтенін,
Қаншама жыл қайғымды өзім көтердім...
Алғаш рет гүлге... сосын... сізге де...
Селт етпедім...
Білмейм, неге екенін...

Гүлді аядым жазығы жоқ сыйланған,
Сізді аядым күлген болып қиналған.
Сосын... 
сосын... 
жүрегімді аядым,
Жоқ бақыттың баянына иланған...

Бір тал гүлін құшақтаған тым мұңлы, 
Тағы аяйсың жол қараған құрбыңды.
...Ең дұрысы шәй ішіп ап сүтпенен,
Тәтті ұйқыға арнау керек бұл күнді. 

- Гүлді қойшы... гүл ғой ертең солады...
- Бізді қойшы.... (Адастырар жол əлі)
- Бүгін қай күн?
- Наурыздың сегізі...
- Бəрі жақсы болады!
 
 
Айжан Тәбаракқызы
 
Ұсынған: Мақпал Сембай
 
 
 

Қатысты Мақалалар