Ернар Айдар Қайрат Нұртасқа еліктеп, 3D форматында концерт өткізді

/uploads/thumbnail/20170708180314142_small.jpg
Әнші Ернар Айдар Шымкент қаласында “Ақ бақытым” атты 3 D форматында концерт өткізген соң, оны Қайрат Нұртаспен салыстырушылар көбейді. Тыңдармандарына 3 D форматта кеш ұйымдастырған ол жаңа әндерін орындап, көпшілікті қуантты. Ернар Айдар – 2012 жылы “Жарығым-ай” әнімен халықты елең еткізіп, тез танылған әнші. Бүгінде оның әрбір туындысы хитке айналып, тыңдармандарының қатарын арттыруда. Шымкентте өткен “Ақ бақытым” концерті де бұл жолда септігін тигізбек. Себебі, кеш 3 D форматта өтті. Концерт 4 бөлімнен құралды. Кеш барысында қоржынындағы 80-нен астам туындының үздіктері орындалды. Ернар Айдарды  Қайрат Нұртаспен салыстырып, танымал әншіге еліктейді деп есептейтіндер көп. Тіпті, жас әнші Қайраттың ізіне еріп, 3 D концертін де елге ұсынды. Бірақ әнші Қайратқа еліктемейтінін айтып, ақталды. Алдағы уақытта ол  жеке концертімен еліміздің өзге өңірлерін араламақ. Кейіннен, мелодрама жанрында кино түсіріп, басты рөлді өзі сомдамақ.

Қатысты Мақалалар