«Міндет – халықтың әл-ауқатын арттыру»

/uploads/thumbnail/20190314124410186_small.jpg

Ерлан Саиров, саясаттанушы

Тәуелсіз ел болып ес жиғалы қыруар шаруа атқарылды. Жасыратыны жоқ, қиын кезеңдер бірте-бірте артта қалып, арқа-басымыз кеңейді. Ендігі мәселе — халықтың әлеуметтік жағдайын төмендетпеуге барлық жағдай жасау. Өйткені, мемлекеттің басты байлығы – адам. Елбасы да әлеуметтік мәселелерді шешуге баса мән беріп жатыр.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту көзделген. Аға ұрпаққа қамқорлық көрсету, жастарға тәлімгерлік, мүгедектер мен аз қамтылған отбасыларға қамқорлық көрсету сияқты бастамалар көтерілуде. Алматы мәслихаты­ның депутаттары «Бақытты отбасы» әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыруға қаржы бөлуді қолдады.

Қазіргі таңда қоғамымыздағы тұрмысы төмен отбасыларына деген көзқарас өзгергені бәрімізге белгілі. Мемлекет тара­пынан халықты әлеуметтік қолдау нысанды әрі атаулы сипат алған жағдайда ғана нәтижелі болады. Мемлекетіміз қоғамның осындай көмекке аса зәру мүшелерін қолдауға міндетті және сол үшін жауапкер­шілікті іс жүзінде өзіне алып отыр. Ең алдымен, балалар, көпбалалы аналар.

Мемлекет әлеуметтік саясат ұстанған жағдайда ғана еліміз өзінің өркенді даму жолына түсетінін өмірдің өзі көрсетіп берді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар