Депутат: Балаларға кедергі болмай, қарттарға арналған үй салу керек

/uploads/thumbnail/20190314164210774_small.jpg

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова әріптестеріне қартайғанда тұратын кооператив салуды ұсынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz  сайтының дерегін негізге ала отырып.

Ол бұл идеясын аз қамтылған отбасыларға қолдау шараларын талқылау кезінде айтқан. 

Мәжілісмен Кеңес Абсатиров Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілінен: әлеуметтік көмек көрсету барысында көпбалалы отбасының табысына ата-әжелердің зейнеті қосыла ма деп сұраған.

Гүлжан Қарағұсова: Айта кетейік, бұл мемлекеттік жәрдемақының мөлшеріне әсер етеді.

"Зейнетті табыс ретінде есептесек, неге өмір бойы балаларын сүйреп жүрген қарттар енді немерелерін сүйреуге міндетті болуы керек?" - деді депутат.

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова: Қолданыстағы заңнамаға сай үй қожайындарының табыстары есептеледі. Егер жақын туыстары бірге тұрып жатса, бәрінің де табысы есепке алынады. Жақын туыстары деп "Неке және ерлі-зайыптылық кодексіне" енетін адамдарды айтамыз, олар - әжелер, аталар, бауырлар, әпке-сіңлілер, күйеуі, әйелі мен балалары

Абсатиров: "Демек, оларды үйден қууға мәжбүр етесіздер ме?", - деп сұрады .

Ал Гүлжан Қарағұсова бұл мәселе бойынша өз пікірін қосты: "Қуып қайтеміз? Бізге арнайы үй салу қажет, қартайғанда балалардың өміріне кедергі жасамай, сол жаққа барамыз. Бұл қарттар үйі емес. Бұл жеке кооперативтер болады. Бірнеше жыл өтсін, Татьяна Михайловна (қаржы вице-министрі Савельева - авт.) мен Татьяна Ивановнамен (Мәжіліс депутаты Яковлева - авт.) бірге сондай үй саламыз да, балаларға кедергі келтірмес үшін, сол жақта өз табысымызбен өмір сүруге кетеміз".

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар