Шарын шатқалында құны 1,5 млрд. теңге болатын заманауи ойын сауық паркі салынбақ

/uploads/thumbnail/20190329113101982_small.jpg

Алматы облысының Кеген ауданында орналасқан Шарын шатқалында бұрын соңды болмаған, әлемдік стандарқа сай  «Park Canyon» ойын сауық паркінің құрылысы осы жылы басталып 2020 жылға дейін жалғаспақ.

Кеген ауданының әкімі Талғат Байедиловтың айтуынша, бұл жоба таулы аймақтың туристік әлеуетін айтарлықтай көтерілмек.

«Құрылыс жұмыстарын жүргізуге 24 га жер телімі бөлініп отыр.  Жер кепкенен кейін бірінші кезекте 700 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары бастайды. Жоба іске қосылған жағдайда жылына орта есеппен 375 млн. теңгеге ақылы туристік қызмет көрсететін болады. 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, бюджетке жылына 47 млн.теңге қаражат түсіреді деп жоспарлап отырмыз», - дейді аудан басшысы.

Сонымен қатар, бұл нысан жанынан үш бірдей аспалы көпір салынады. Шатқалдағы бұл өткелдің ұзындығы 200 метр болса биіктігі 80 метрге жетеді. Мұнда, 40 адамға арналған қонақ үй тұрғызу жоспарда тағы бар.

Қатысты Мақалалар