Қарағанды облысында болған жаппай төбелестен 16 жастағы жасөспірім қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170708180854059_small.jpeg

Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында болған жаппай төбелестен 16 жастағы жасөспірім қаза тапты.

"Сәтбаев қаласында төбелестің салдарынан 16 жастағы азаматтың қайтыс болу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қаза болған ер адамның денесінде пышақ іздері табылды.

Сәтбаев қалалық Ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленушіге сөзге келіспеушілік барысында пышақпен дене жарақаттарын келтірген 15 жастағы жасөспірімді ұстады. "Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полицейлер.

 Tengrinews.kz

Қатысты Мақалалар