Әсем Жакетаева тұрмысқа шыққалы жатыр ма?

/uploads/thumbnail/20170708180856838_small.jpg

Әсемнің жігітінен «тұрмысқа шықшы деген» ұсыныс түсіпті. Бұл хабарды жалпақ жұртқа жариялауды жөн көрген әнші бикеш «мен бақыттымын» деп қуанышын жасырмай жайып салды.

Әнші, актриса қыз соңғы жаңалығымен желідегі парақшасы арқылы бөлісті. Өнер иесінің болашақ жары «Выйди за меня замуж» деп торттың жанына жазылған сөз бен жүзік сыйлапты. Бәрімізге белгілі болғандай Әсем осыдан үш жыл бұрын актер, режиссер Жандос Айбасовпен көңіл жарастырып, үйленетіндерін де мәлімдеген еді. Тойдың уақытына дейін белгілеп қойған қос ғашықтың араларында не болғаны белгісіз, әйтеуір барлығы керісінше болды. Одан кейін Жандос мырзаның актриса Айсұлу Азімбаевамен бірге қол ұстасып жүретінін білуші едік. Өкінішке орай екеуінің ара-қатынасы да ұзаққа бармады.

  • Кино барысындағы сәт
  • Жігіті жасаған ұсыныс
Әсем қазіргі құпияда ұстап келген жігіті туралы әзірге ақпарат берген жоқ. Алайда, ол жайында білуге асыққан ынтық оқырмандары тезірек мәліметтен хабардар болғысы келетіндерін жазды. Тіпті, кейбіреулері «Вузеры» хикаясында бірге ойнайтын  тағы бір Жандос атты актермен жарасымды жұп екенін айтты. Ол тек кинода. Нақты жігітінің кім екені белгісіз. Бір білетініміз тойдың ауылы алыс емес.
  • Жігіті сыйлаған гүлдер
  • Жігіті сыйлаған гүлдер
comode.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар