«Халық денсаулығы туралы» кодекс көптің көңілінен шығатын жоба

/uploads/thumbnail/20190417104959886_small.jpg

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің жаңа редакциясын әзірлеуді тапсырғаны белгілі.

–«Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады. Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек. Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керек. Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет», — дейді Елбасы  өз жолдауында.

Расында да ұлт денсаулығын сақтау – мемлекеттің ғана емес, барша қазақстандықтардың міндеті. СондықтанПрезидент тапсырмасына орай үкімет пен тиісті министрліктер халықтың денсаулығын жақсартуға және нығайтуға көңіл бөліп отыр.

Әрине, медицина   өте нәзік  сала екендігі белгілі. Сондықтан оған барынша көңіл бөлу керек. Сонымен қатар, елімізде болып жатқан реформалар мен денсаулық саласындағы бағдарламалардың әсері өте мол болатыны сөзсіз. Үнемі ұдайы назарда болатын денсаулық саласына расында өзгерістер мен қамқорлық және қолдау  керек. Сондықтан да еліміздің Тұңғыш Президенті  «Ха­лық денсау­лы­ғы және денсаулық сақ­тау жүйесі тура­лы» жаңа Кодекс­ті дайындауды тапсырды. Қазір жаңа кодескстің жобасы әзірленіп жатыр. Жер-жерде қоғамдық талқылаулар өтіп, ондағы айтылған ұсыныстар арнайы құрылған комиссияға ұсынылуда. Расын айту керек, Кодекс жобасында медицина саласындағы тәжірибесінің үздік үлгілері қарастырылады. Денсаулық саласын дамытудың тиімді моделі ұсынылады. Мұның барлығы айналып келгенде,  Қазақстандағы халықтың денсаулығын нығайту, өмір сүру ұзақтығын арттыруға арналатыны сөзсіз. Сонымен қатар, кодексте медицинаның қолжетімділігін арттыру көзделген.

«Ха­лық денсау­лы­ғы және денсаулық сақ­тау жүйесі тура­лы» жаңа Кодекс­тің мақсаты не? Жаңа Кодексті дайындау барысында Қазақ­стан­ның əлемнің 30 дамыған елінің қа­та­­рына қосылуы,сондай-ақ «Қазақ­­стан-2050» стратегиялық даму жос­па­­ры басшылыққа алынатыны айқын.

Ал оның  мақсатына назар аударар болсақ, елдегі қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту басшылыққа алынады. Ақиқатында, кез келген сала сияқты медициналық білім беру мен ғылымды дамытпай, денсаулық саласы алға баспайды. Сондай-ақ денсаулық саласы әлемдік өркениеттен тыс қалмауы керек. Қазір «Денсаулық» бағдарламасының аясында «қағазсыз аурухана» электронды жобасы жүзеге асып жатыр.

Әрине, жаңа Кодексте адам капиталын байытуға және денсаулығын нығайтуға қатысты барлық заңнамалық тетіктер қарастырылады. Жобада медицина саласындағы оқу мен білімде де көп өзгерістер орын алмақ. Атап айтар болсақ, медициналық оқу орындарын бітіріп жатқан түлектердің болашақта тұрақты жұмыс істеуіне барлық жағдай мен тетіктер қарастырылады.  Әрине, денсаулық сақтау саласында мамандардың тапшылығы байқалатыны жасырын емес. Осыған орай жаңа Кодексте жергілікті жерлерде маман тапшылығын жою үшін жоғары оқу орнын бітірген түлектердің үш жылдай қызмет ететіні жазылған. Бұл әрине бір жағынан жас маманның да шалғай елдімекендерде тұрақтанып қалуына мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Әрине  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің бұл алда атқарылар құжат, бағыт-бағдар іспетті болады. Сондықтан да қазір аталған кодекске байланысты жер-жерде талқылаулар

өткізіліп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі алдағы маусым айында барлық ұсыныстар мен пікірлерді ескере келе, Кодекстің заң жобасы парламентке ұсынылатынын мәлім етті. Демек, қоғамдық талқылаудың сүзгісінен өтіп барып қабылданатын заң жобасында халықтың денсаулығын нығайтуға қатысты барлық пікірлер ескерілуі керек. Қарапайым халықтың бұл Кодекске барынша үміт артып отырғанының сыры да осы. Рас, медицинаның дамуына сәйкес, ана мен бала өлімі азайды. Денсаулыққа қатысты статистикалық көрсеткіштер де көңіл қуантады. Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы да жақсарды Атап айтар болсақ, бүгінгі таңда орташа көрсеткіш 72, 95 болып отыр. 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасының нәтижесінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының саны 6 пайызға артты.  Электронды паспорт­ы бар азаматтардың саны 11 миллионнан асты. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары 2020 жылы халық 100 процент электронды денсаулық паспортымен қамтамасыз етілетінін айтып отыр. Сонымен қатар биыл 3,5 млн адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Айта берсек, мұндай жетістіктер өте көп. Министр Елжан Біртанов Әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүйесінің енгізілуіне орай тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізімі таяудағы уақытта күрт артатынын айтты. Демек, мұның барлығы да халықтың денсаулығын арттыру үшін жасалынып жатқан қадам екенін айта кетуіміз қажет.

«Халық денсаулығы және денсау­лық сақтау жүйесі туралы» заң жобасы медицина саласындағы қол жеткізген жетістіктерді сақтап, оны одан ары дамытуға арналған. Демек денсаулық сақтау мәселесін тек қана дәрігерге артып қоюға болмайды. Бұл ең алдымен адамның өзіне қатысты екені сөзсіз. Десек те, бұл мәселеден мемлекет пен қоғамдық орта ешқашан шет қалмайды. Нақты айтқанда, азаматтардың денсаулығын нығайту мәселесінде үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі артады. Мұның барлығы талқыланып жатқан Денсаулық туралы Кодексте айқын көрініс табатын болады. Сондықтан Тұңғыш прездентіміз атап көрсеткен Денсаулық Кодексінің маңызы өте үлкен деп есптейміз.

Өйткені Кодексте халық үшін барлық нәрсе қарастырылған. Атап айтар болсақ, олар  – ұлт денсаулығын нығайту, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру,  медициналық технологияларды дамыту, созылмалы аурулардың алдын алу және оны емдеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және оны жұртшылық арасында дағдыға айналдыру, медицинада цифрлық технологияны дамыту, қолжетімді медициналық қызметтерді ұсыну. Сонымен қатар, Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін (МӘМС ) енгізу мен Медициналық санитарлық алғашқы көмекпен  (МСАК) барынша қамтамасыз ету – алдағы уақытта басты орынға шығады. Сондықтан да «Денсаулық» бағдарламасы аясында және ұлт денсаулығын нығайтуға арналған «Халық денсаулығы  туралы»  Кодекс көптің көңілінен шығатын заң жобасы деген ойдамыз.

Қатысты Мақалалар