Димаш Құдайбергеннің суреті Starbox magazine журналының мұқабасына шықты

    Мақпал Сембай
    Димаш Құдайбергеннің суреті Starbox magazine журналының мұқабасына шықты

    Димаш Құдайберген әлемге танымал Starbox magazine интернет-журналының мұқабасына шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

    Қазақ әншісі бұл жаңалықты Іnstagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды. Starbox басылымы 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Ол танымал тұлғалардың, шоу-бизнес жұлдыздарының сұхбаттары мен суреттерін жариялап келеді. 

     
     
     
    Посмотреть эту публикацию в Instagram
     
     

    STARBOX magazine.

    Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

    Еске сала кетсек, Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің суреті Қытайдың танымал Men's Health және Southern Metropolis Daily, Chic Teen журналдарының мұқабасына шыққан. Биыл 7 маусымда отандасымыз МУЗ-ТВ 2019 жүлдесінің арнайы қонағы болады. Сондай-ақ, жас орындаушы 29 мамырда елордада жеке концертін беруді жоспарлап отыр.

    Ұсынған: Мақпал Сембай

    Қатысты Мақалалар