АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейді жау санамайды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС сайтына сілтеме бере отырып жазады.
Мемлекет басшысы Берлиннің НАТО алдындағы міндеттемелеріне сәйкес әскери шығындарды ЖІӨ-ді 2 пайызға дейін көтеруді қаламағаны үшін Германия саясаты туралы сөз етті. Оның айтуынша, Германия "Солтүстік ағын-2" газ құбырын салу үшін ай сайын Ресейге миллиардтаған доллар төлейді.
"Күтілгендей, біз Германияны Ресейден қорғауымыз керек. Бірақ Германия «жау» деп аталатын мемлекетке құн төлейді екен", - деді Трамп, сөзін жалғай отырып Мәскеуді өздеріне қарсы қойғысы келмейтінін айтты.
Ол Мәскеу және Пекинмен қарым-қатынасты жақсартқысы келетінін мойындады. "Тек ақымақ адамдар келіссөздер жүргізбейді", - деді американдық лидер.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео айтқандай, Америка "Солтүстік ағын-2" құрылысын аяқтауға жол бермеу керек. Оның пікірінше, жобаны жүзеге асыруы Еуропа саясатын Мәскеуге тәуелді қылады.
"Солтүстік ағын-2" - бұл Ресейден Германияға Балтық теңізінің түбінен салынып жатқан газ құбыр жобасы. Ол Финляндия, Швеция және Данияның аумақтық сулары немесе экономикалық аймақтары арқылы өтеді.
Аударған: Бек Байтас
Пікір қалдыру