Бүгінде Жамбыл облысында аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету, әлеуметтік әлсіз топтарға қарайласу тиісті деңгейде жүзеге асуда. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, облыс бойынша Атаулы әлеуметтік көмек алатын 29 650 отбасы, яғни 150 453 адам анықталған. Оның ішінде 98304 бала, 4199 студент бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Өткен жылы Атаулы әлеуметтік көмекті 14852 отбасы, яғни 74 517 адам алған.
Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасы бойынша тұрғындар арасында «111 жедел қызметі» байланыс орталығы арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Бұған жұмыспен қамту бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының жауапты 46 қызметкері белгіленді.
2019 жылғы облыстық мәслихаттың шешімі негізінде облыстық бюджеттен ауылдық округтерде, аймақтарда және шағын қалаларға «е-Халық» ақпараттық жүйесін енгізуге аудандар мен қаланың бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерге 96,9 миллион теңге қаражат бөлінген. Бұл қаражат 153 ауылдық округтер мен Қаратау, Жаңатас және Шу секілді 3 шағын қалаларға, яғни 156 ауылдық округтерге «е-Халық» ақпараттық жүйесін енгізудің байланыс каналдарын жүргізуге бөлінген қаражат.
Сонымен қатар, 2017 жылы барлық ауылдық округтерге «е-Халық» енгізуге арнайы екі компьютер техникаларын алуға қаражат беріліп, қажетті компьютер техникаларымен жабдықталды.
2019 жылдың ақпан айында арнайы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тарапынан маман келіп оқу семинарын өткізді. Қазіргі таңда, барлық округтерінің байланыс каналы бар. Сонымен қатар, «е-Халық» жүйесімен тиісті мамандар жұмыс жүргізуде. 2019 жылдың 5 сәуіріне 117925 отбасы 539710 адам санымен енгізілген, Жамбыл облысы бойынша 1 126 077 адам санының 47,9 пайызы енгізілді.
Дулат Айтбай
Пікір қалдыру