Еуропа лигасының финалында "Челси" футболшылары "Арсеналды" ойсырата жеңді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Лондондық клубтардың кездесуі Баку қаласындағы "Олимпийский" алаңында өтті. Ойын 4:1 есебімен аяқталды. Голдың бәрі ойынның екінші кезеңінде салынды.
Есепті 49-шы минутта Оливье Жиру ашты. Ал 60-шы минутта Педро тағы бір гол салып, есепті еселеді. Кейін Эден Азар пенальтиді ойдағыдай орындағанымен, 69-шы минутта "Арсенал" ойыншысы Алекс Ивоби есеп айырмасын бір голға қысқартты. Бірақ 72-ші минутта Азар ойындағы екінші голын соқты.
Еуропа лигасында "Челси" құрама командасы екінші рет турнирдің жеңімпазы атанды. 2013 жылы олар португалиялық "Бенфиканы" жеңген еді. Ал "Арсенал" Еуропа лигасының финалында осымен екінші рет жеңілді. Осы жеңіліс үшін "Арсенал" Чемпиондар лигасына қатысу жолдамасынан айырылып қалды. Себебі, команда Ұлыбритания Премьер-лигасында бесінші орында тұрақтады. "Арсеналдың" орнына Чемпиондар лигасына франциялық "Лион" қатысады.
Ұсынған: Мақпал Сембай