Елорданың сайлау учаскелерінде Головкиннің жекпе-жегі көрсетіледі

/uploads/thumbnail/20190530123719352_small.jpg

Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусымда өтетін Геннадий Головкин мен Стив Роллс арасындағы жекпе-жек астанадағы барлық сайлау учаскелерінде көрсетіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BNews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

“Бәріміз көптен күтіп жүрген Геннадий Головкиннің жекпе-жегі таңғы 7:00-ден бастап 10:00-ге дейін өтетінін ескеріп, біз барлық учаскелерде дауыс беру залынан бөлек бөлмелер ұйымдастырып, онда азаматтар үшін жекпе-жектің тікелей эфирін ұйымдастырамыз”, - деді Ерлан Каналимов.

Ол Нұр-Сұлтан әкімінің шешімімен 9 маусым күні қалада қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болатынын да еске салды.

Аударған: Ильдар Адильченов

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар