Ұрлыққа түскен қаскөй 10 жастағы баланы пышақтап кетті

/uploads/thumbnail/20190530135258699_small.jpg

Алматы облысында ұры 10 жастағы баланы пышақтап кетті. Оқиға Алакөл ауданының Үшарал қаласында болған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасай отырып.

Аудандық полиция бөлімінің ақпаратына сәйкес, 10 жастағы оқушының үйіне ұры түсіп,  пышақпен ақша талап еткен. Артынша кәмелеттік жасқа толмаған балаға пышақ жарақатын салған.

Қазір жәбірленуші Алакөл аудандық орталық ауруханасында жатыр. Ал  аудандық полиция бөлімі  күдіктіге іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ұсынған: Бек Байтас

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар