Қой етін экспорттаудан көш бастап тұрмыз

/uploads/thumbnail/20190531100724609_small.jpg

Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында ет экспортының әлеуетін арттыруды тапсырды. Сондай-ақ Елбасы ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасының негізгі драйверіне айналуы қажеттігін баса айтты.  Жамбыл облысы бұл бағытта бағдарлы бастамаларды қолға алып, қой етінің экспортынан тіпті республика деңгейінде көш басына шығып отыр.

Нақтырақ айтсақ,  2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығын дамытуға арналған ұзақ мерзімге жоспарланған салалық бағдарлама  қабылданып, индикативті көрсеткіштері бекітілген. Жалпы осы бағдарлама аясында 2018-2027 жылдар аралығында облысқа «Сыбаға»  бағдарламасы бойынша алыс-жақын шет елден 36,0 мың басқа жуық мүйізді ірі қара  малының аналық басын сатып алу жоспарланса, соның ішінде ағымдағы жылда 4000 бас ірі қара  әкелу көзделген.

Шет елден мал сатып алу үшін тауар өндірушілерді  жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету (14 пайыз осыдан 10 пайызы субсидияланады), сатып алынған 1 бас малға 225,0 мың теңге субсидия қарастырылған. 

Өткен жылы облысымыз тауар өндірушілері тарапынан 1800 жуық ірі қара мал сатып алынған. Жыл басынан бері аймаққа  өткен жылғы жобалар аясында 850 бас МІҚ малы алып келінген. Одан бөлек Мойынқұм ауданында орналасқан «Мойнқұм Агро» және «АгрофирмаТүркпен» ЖШС-і 1,0 мың бастан астам МІҚ сатып алған.  

Бағдарламаның негізгі мақсаты шет елден сатып алынатын ет бағытындағы малдың генетикалық әлеуетін пайдалана отырып қолдағы малдың өнімділік көрсеткіштерін жақсарту болып табылады. Нәтижеде сиыр етінің экспорттық потенциалын арттыру мүмкіндігіне қол жеткізіледі. Атқарылған шаралардың аясында жылдан жылға ет экспорттау көлемі артып келеді.

Жыл басынан бері тауарөндірушілер   519,9  тонна сиыр еті, 347,3  тонна қой еті экспортталыпты. Өткен 2018 жылы облыстың тауарөндірушілерімен 1014,1 тонна сиыр және 1637,1 тонна қой еті экспортталған.  

Етті экспорттаушылар болып экспортқа бағытталған дамыған технологиялы бордақылау алаңдары және ет комбинаттары белгіленген. Осы кәсіпорындарды іске қосу арқылы облыста толық циклдағы ет кластерін қалыптастыру қамтамасыз етіліп, етті экспорттау көрсеткішінің өсу динамикасы байқалуда.

 Осы күнге дейін 900 тоннаға жуық сиыр мен қой етін экспорттаған Жамбыл облысы, қазір  таңда ет экспорты әлеуетін арттыру мақсатында аймақта арнайы бағдарлама қабылдап, шетелден етті бағыттағы ірі қара жеткізуде.

 Бүгінгі күнде ет өнімдері Иран Ислам Республикасы, БАӘ, Бахрейн Карольдігі, Кувейт, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, мемлекеттеріне жөнелтіліп жатыр.

Осы орайда айта кетерлігі  2017 жылмен салыстырғанда сиыр еті 8,9 есе, қой еті 5 есе артық экспортталған.  Республика көлемінде 3800 тонна қой еті экспортталса, оның 43,6 пайызы Жамбыл облысына тиесілі болып отыр. Сәйкесінше қой еті бойынша Жамбыл облысы республика  көлемінде  1-ші орынға шықты. Бұл сөз жоқ, Елбасы тапсырмасының  тетігі табылып, жемісін бере бастағанын айғақтайды.  Демек, Жамбылдың  қой еті жарты әлемге тарап, киелі өңірдің өнімін төрткүл әлем тұтынып жатыр деген сөз.

Жайдар Азамат     

Қатысты Мақалалар