Бүгін Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні. Осы орайда біз назарларыңызға отандық химия өнеркәсібінің көшбасшысы – «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тыныс-тіршілігін айшықтайтын фоторепортаж ұсынуды жөн көрдік.
Жамбыл және Түркістан облыстарындағы бірқатар химиялық кәсіпорындарды біріктіретін серіктестіктің өндірістік нысандары «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты, Минералдық тыңайтқыштар зауыты, Темір жол көлігі кешені, Шымкент қаласындағы синтетикалық жуу заттарын шығаратын зауыттары тірлігін тіктеп, өнім өндіруде.








