Елбасымыз «Тарихымыздың темірқазығы» деп айрықша баға берген Тараз қаласының топырағы талай сырды бойына бүгіп жатқандығы даусыз. Бүгінде шаһар аумағындағы археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған жауһар жәдігерлер көптің қызығушылығын тудыруда. Әсіресе, «Көне Тараз» археологиялық саябағы ат басын бұрған адам құнды қазынаға кезіккендей күй кешеді. Мұндағы ашық аспан астындағы мұражай да, сәнді субұрқақтар да, қарауыл мұнарасы да туристерді тәні етпей қоймайды.
Фоторепортажды дайындаған: Алтынбек Қартабай