Талапкер 2015: сұранысқа ие мамандық қайсы?

/uploads/thumbnail/20170708181430057_small.jpg

Көптен күткен ҰБТ да аяқтады. Жас түлектер болашақ мамандықтарын таңдау алдында. Осы орайда түлектерге бір көмегі болар деп, «Қамшы ақпарат» порталы назарларыңызға «Ең үздік университет» сауалнамасының нәтижесін ұсынады.  Сауалнама жүргізілген 3 ай ішінде 7040 рет оқылып, 1291 адам дауыс берді. Сауалнама нәтижесі бойынша ең үздік деп танылған уинверситтер тізімі келесі тізімде көрсетілгендей:

1-  Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ (31%, 374 дауыс)

2- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (20%, 245 дауыс)

3- Назарбаев университеті (11%, 126 дауыс)

4- Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (6%, 70 дауыс)

5- Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (5%, 62 Дауыс)

6- С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті(5%, 56 дауыс)

7- М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті(5%, 55 дауыс)

8- Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (4%, 48 дауыс)

9- Абай атындағы ҚазПУ (3%, 40 дауыс)

10- Қазақ Ұлттық Аграрлық Университет (3%, 33 дауыс)

11- Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (3%, 32 дауыс)

12- М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (1%, 16 дауыс)

13- С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (1%, 14 Дауыс)

14- Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университеті (1%, 14 Дауыс)

15-  Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (1%, 10 дауыс)

16- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық академиясы (0%, 4 дауыс)

Осы берілген дауыс бойынша сараптағанымызда Қазақстандағы ең үздік деп танылған университет Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ (31%, 374 дауыс) болды. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ–дің ең үздік деп танылуының себебі- оқу шарт–жағдайы толық, білім беруі сапалы болғанынан басқа, студенттерінің ұлттық танымы жоғары, еліміздегі электронды БАҚ- пен етене жұмыс істейтіндігінің айғағы. Себебі қай "универдің" студенті қазақ тілді электронды БАҚ–пен байланыста болса, сол университет ең үздік деп бағаланар мүмкіншілігі де туып отырған еді. Ал екінші орынға табан тіреген Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (20%, 245 дауыс) болды. Бұл да жан сүйінерлік нәтиже.. Деседе, өткен жылы әлемнің үздік университетін сараптау барысында 200 үздік университеттің ішіне кірген ұлттық университет неге еліміздегі саралауда топ жарып, ағалап алға шығып, бірінші орынға табан тірей алмады? Бұл ҚазҰУ студенттерінің қазақ тілді электронды БАҚ–қа енжар көзқарасын білдірсе керек

Үшінші орынға Назарбаев университеті (11%, 126 Дауыс) қол жеткізді. Ірге тасы қаланғанына көп болмаған университеттің бұл жетістігіне іштей разы боласың.

Университеттерге дауыс беру барысында таңдаушы бір компьютерден бір-ақ рет дауыс бере алды. Сондықтан портал өткізіп жатқан «Ең үздік айдарының» нәтижесіне оқырмандар сенім артуына болады.

Тұрдыбек Құрметхан "Қамшы" сілтейді

Қатысты Мақалалар