Астана орталығында алапат өрт болды (видео)

/uploads/thumbnail/20170708181430677_small.jpg
Астанада маусымның 10-нан 11-не қараған түні алапат өрт болды. Кеңесары-Брусловский көшелерінің қиылысында өртенген үйді куәгерлер виедоға түсіріп алған. Өрт сөндірушінің айтуынша, Кенесары,68 мекен жайында орналасқан ішінде адам тұрмайтын тозығы жеткен тұрғын үй өртенген. «Өрт шалған үйде ешкім тұрмаған. Ол алдағы күндері сүрілуі керек болатын. Жақында ғана ішіндегі тұрғындары көшірілген еді. Зардап шеккендер жоқ», — деді өрт сөндіруші. Өрт сөндірушілер от жалынымен бір сағат бойы арпалысып, толық сөндірген. Таңға қарай өрт салдары толықтай жойылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Қатысты Мақалалар