Тараз қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің басшылығымен қарқынды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, «Атамекен», «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары мен «100 жаңа кітап», «Туған жер», «Қазақстан киелі жерлерінің географиясы», «100 жаңа есім» арнайы жобалары бойынша ауқымды бастамалар қолға алынды. Қазақ тілін латын әліпбиі негізіндегі графикаға көшіру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Жалпы, Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевтың айтуынша, 25 жобаны іске асыруға 2 миллиард 472 миллион 750 мың теңге қаржы жұмсауды қажет етіп отыр. Өткен жылы қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 9 жобаға 321 миллион 600 мың теңге бөлген. Ал облыстық жобалық офиске «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 2 жоба ұсынылды. Олардың жалпы құны 374 миллион теңгені құрайды. Аталған жобалар демеушілердің көмегімен жүзеге асырылды. Атап айтқанда, жеке кәсіпкер Әлімбек Жұмабаев темір жол бекеті маңындағы скверді абаттандыруға 150 миллион теңгеге көмек көрсетсе, «Арайстроймаркет» ЖШС-нің директоры Арман Еділбаев «Атшабар» скверінің құрылысына 224 миллион теңге жұмсады. Сонымен қатар, « Бір сәби – бір ағаш» жобасы бойынша былтыр жаңадан туылған сәбилердің ата-аналары 500 түп ағаш отырғызса, биылғы жылы қала көлемінде 6 200 түп шыбық тігілді.
Сонымен қатар, облыс көлемінде Елбасының «Туған жерге туыңды тік!» акциясы бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған. Өткен жылы «Туған жер» жобасы аясында Қазақстан Республикасының спорт шебері, әйелдер арасында бокстан кәсіпқой Әлем чемпионы Фируза Шарипова өз бастамасымен екі мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған Жолдыбаевтар отбасына автокөлік сыйлады. Сондай-ақ, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаевтың демеушілігімен Таразда «Ғибрат» орталығы ашылды. 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай осы игі бастамалардың жалғасы ретінде «Арайстроймаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Арман Еділбаев, «Альтаис групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әлімбек Жұмабаев Тараз қаласының тұрғындары Тұрғановтар және Әбілбашировтердің отбасына пәтер кілттерін табыс етті. «Қазфосфат» ЖШС-нің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров өз қаражатына «Мыңбұлақ» шағын ауданында әмбебап заманауи спорттық алаңшасын салып берді. Спорттық алаңшада бір мезгілде 25 бала спорттың волейбол, баскетбол, шағын футбол ойнауға жағдай жасалған. Мұндай игі бастамаларға үн қосып жүретін мецанаттар қатарында қалалық мәслихаттың депутаты Руслан Кан да бар. Ол «Самал» шағын ауданында 25 және 30 үйлердің ауласына бейнекамераларды орнатып берген. Ал, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов 12 талапкерге, оның ішінде Тараз футбол клубының қосалқы құрамының 9 футболшысына, 3 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін оқу грантын тағайындады. Бұдан өзге «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының» басшысы Сейітхан Жошыбаев 7 638 миллион теңгеге 3 800 тұрғынды тегін дәрігерлік тексеруден өткізсе, «Жасұлан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жұмагүл Омарова аз қамтамасыз етілген бір отбасының баласының жоғары оқу орнындағы 5 жылдық оқу ақысын төлеп берді.
Дулат Айтбай
Пікір қалдыру