Америкалықтардың төбе шашын тік тұрғызған Маңғыстау (видео)

/uploads/thumbnail/20190531172222931_small.jpg

Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалына барған америкалық туристер таң қалып қайтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лада  сайтына сілтеме жасап. 

Мамандар бұл құбылыс ауаның электрленуінің әсерінен болған дейді. Бірнеше жыл бойы Маңғыстау өңіріне экспедиция ұйымдастырушы Сергей Хачатрян мұндайды бірінші рет көргенін айтады.

"Бұл жолы Бозжыра шатқалына америкалық туристерді әкелген едім. Ең биік нүктеге көтерілген кезде түсініксіз жағдайға тап бодық. Қолымызды жоғары көтерген кезде бір нәрсенің сатыр-сұтыр еткен дыбысы естілді. Тоқтың дыбысына ұқсайды деп айта аламын. Бұдан соң бәріміздің төбе шашымыз тік тұрды деп айтуға болады", - деді Сергей Хачатрян.

Бұл  құбылыс таңғаларлық жағдай емес дейді мамандар. 

"Жер бетінде де тоқ қуаты бар. Бұл күні күн бұлтты, ауа ылғалды болды. Сол себепті ауадағы қуат пен жердің өзара әрекеттесуі байқалды" - деп түсіндірді Ш. Есенов атындағы университеттің геология кафедрасының доценті, геолог-геофизик Геннадий Тарасенко. 

Ұсынған: Маржан Сәбет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар