Құрбандардың рухына Туск те тағзым етті

/uploads/thumbnail/20190531180231223_small.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен  Еуропалық кеңестің Төрағасы Дональд Туск «АЛЖИР» мемориалды-музей кешеніне барды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Туск қасірет қақпасының алдында бас иіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті.

Айта кетейік, бүгін, яғни 31 мамыр - Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 

Тоқаев бұған дейін Қазақстанға ресми сапармен келген Еуропалық кеңес төрағасына ризашылық білдіріп, сапардың саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнімен тұспа-тұс келгенінің символдық мәні барын айтқан.

"Еуропалық кеңестің қабылдаған жаңа стратегиясы мен сіздің сапарыңыз Орталық Азия елдерінің саяси-экономикалық орнықты және қауіпсіз дамуы үшін еуропалық тараптың мүдделі екенінің дәлелі", – деді Тоқаев.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар