Шымкенттік балалар ойнап жүріп, от басты

/image/2019/06/02/20190601044035130_big.jpg

Шымкентте он жасар балалар сірке қышқылын ішіп улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Анықталғандай, балалар ойнап жүріп, сірке қышқылын ішіп қойған, оны көрген ересек адамдар дер кезінде дабыл қаққан. Зардап шеккендер ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Олар осы уақытқа дейін гипербарикалық оксигенация орталығының жансақтау бөлімінде жатты. Жағдайлары жақсарған соң басқа бөлімге ауысты.

Қазіргі таңда балалардың жағдайы қарқынды терапия арқасында қалыпқа келді. Жақын арада олар
ауруханадан шығады.

Аударған: Бек Байтас

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар