"Жан алғыш періште" жол бойында күтіп жүр (фото)

/image/2019/06/02/20190601145416390_big.jpg

Қызықты әрі қорқынышты кейіпкер "Алматы – Бішкек" тас жолындағы көлік жүргізушілерінің зәресін алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ұйымдастырушылар жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен бірігіп, "Алматы – Бішкек" тас жолы бойындағы жол белгілерінің макетіне айналып тұра қалған. Осылайша, еріктілер жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимін бұзбауға шақырды.

алматы бішкек

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ өкілдернің айтуынша, шараның басты мақсаты – жол қозғалысының қатысушыларына жол бойындағы өлім-жітімнің, жол-көлік оқиғаларының жиілеп кеткенін түсіндіру және жүргізуші мәдениетін арттыру. Әрбір жүргізуші өзінің салғырттығы мен жол ережелерін сақтамауы жолдағы трагедиялық жағдайларға алып келуі мүмкін екенін білуі қажет.

Шараға қатысушылардың барлығына жол ережелері жазылған буклеттер таратылып, көлік тізгінінде келе жатқанда барынша абай болуға шақырылды.

Аталмыш флеш-моб  жол қозғалысының қауіпсіздігін насихаттауға арналған жыл сайынға дәстүрлі науқанға айналып келеді.

Статистиканы сөйлетсек, 2018 жылы ғана "Алматы – Бішкек" тас жолында орын алған 171 жол-көлік оқиғасының салдарынынан 49 адам көз жұмып, 280 адам зардап шеккен екен.

Осы орайда, Qamshy.kz ақпарат агенттігі сіздерді жолда жүргенде барынша абай болуға, жылдамдық режимін сақтап, өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге шақырады. "Атқа міндің – ажалға міндің" деген аталар сөзін жадыңыздан шығармасаңыз екен.

Дайындаған: Дәурен Сыбанбай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар