Әміржан Қосанов азаматтармен кездесу барысында өзінің билікке шақырту алғаны туралы айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, ол жоғарыдан айтқанды орындап, бостан-бос мақтап отыра алмайтынын жеткізді.
“Мен парламенттік авторитарлық жүйеге бармаймын!” - деді Қосанов.
Сонымен қатар, ол партия құрып, парламент сайлауына қатысатыны туралы айтты.
“Егер мен парламенттік сайлауға қатыспаймын десем... ол өтірік болады. Қазақта сөз бар: Арық айтып, семіз шық!” - деді Әміржан Қосанов.
Естеріңізге сала кетейік, алдын ала болжам бойынша, кезектен тыс президент сайлауында Әміржан Қосанов 16,02 пайыз дауыс жинап, екінші орын алды. Ал президент болып Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланады.
Дайындаған: Ильдар Адильченов
Пікір қалдыру