Уланып емханаға түскен Кпанов Майрамбек Аллабергенұлына шұғыл көмек керек

/image/2019/06/13/23.jpg

Көмірден уланып емханаға түскен Кпанов Майрамбек Аллабергенұлына шұғыл көмек керек деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ол 4 жарым ай уақыт өтсе де әлі күнге дейін өзіне келген жоқ. Әзірге ем алып жатыр.

Көмек керек

Атам жұмыссыз (ол кісінің де сырқаты бар), енем зейнеткер. Өзім тігінші болып жұмыс істейтінмін, жолдасымның сырқатына байланысты жұмыстан қол үзіп қалдым дейді әйелі. 

көмек керек


"10 жылдан артық өздерінің қара еңбектерімен тұрғызған үйлері қаланың сыртында. Жолдасымның жағдайы қазірше ауыр болғандықтан қаланың ішінде тұруымызға дарігерлер кеңес берген болатын. Осы ақылы пәтер , ақылы невропотолог, ақылы медбикелер, сатып алынған мед.инструменттер, дәрі-дәрмектер әрине бәрі өзіміз үшін екенін жақсы білемін, бірақ жалғыз ұлдарының тезірек аяққа тұруын құдайдан тілеп отырған ата-ананың тек рухани жақтан езілгені былай тұрсын материалдық жақтан қиналғандарын кімге айтпақ?!?! Әрине біз мейірімді жандардан үлкен үміт күтеміз! Жолдасымның қазіргі жағдайы: тамақты зонд арқылы береміз, кеудесінде трахестомасы тұр, кіші дәретке катетер арқылы шығады. Мейірімді жандардан демеу күтемін, көмектессеңіздер екен. Алдын ала рахметімді айтамын, сіздерге Алланың нұры жаусын. Бізге берген сынақты өзгелерге тілемес едім!", - деп көмек сұрайды.

KASPI GOLD: 5169493174993348
Тел:8 701 569 5603

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар