Нұр-сұлтан қаласының Есіл өзенінде 42 қабаттық қос мұнарасы бар алып көпір салынады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Нұр-сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы фейсбуктегі парақшасында.
"Триалтон саябағы" мен "Жетісу" саябағының ауданында, Есілдің бойында салынады деп жоспарланған "TriathlonTowers" атты жаңа жоба – қаланың ең көрікте жерлерінің бірі болады деп сенеміз. Сонымен қатар, жаңа құрылыс қала архитектурасымен керемет үйлесім табады.
Ерекше архитектурасының арқасында бұл жоба елорданың туристік нысандарының біріне айналып, ол жерден қаланың барлық көрікті жерлерін көре аласыздар. Ол Есілдің екі жағалауын жалғап тұрған жүргіншілер, көлік және велосипед жолдарына арналған су вокзалы болады.
Бұл – пәтерлер, қонақүй, кеңселер мен көлік тұрағы бар көпфункциялы тұрғын үй кешені. Жоба авторы - BENOY LTD компаниясының Лондон сәулет бюросы.
Triathlon Towers биіктігі - 42 қабат. Қала құрылысы кеңесінде жоба жөнінде алдын ала келісім жасалды" делінген жазбада.
Пікір қалдыру