Жаңагүл Асанқызы

/uploads/thumbnail/20170708150653101_small.jpg

Жаңагүл Асанқызы 1965 жылы қарашада Іле Қазақ автономиялы облысының Нылқы ауданында дүниеге келген, дәрігер, сынықшы.

Еңбек жолын ҚХР Іле облыстық Достық емханасында дәрігер болып бастаған. Бүгінде Іле Қазақ автономиялы облыстық қытайша, қазақша емдеу емханасының сүйек аурулар бөлімінің меңгерушісі, «Қытай мәдениетін зерттеу қоғамы дәстүрді емдеу ұйымының» мүшесі, «Дүниежүзі емдеу қоғамының» тұрақты мүшесі, «Дүниежүзілік сүйек ауруларын қытайша емдеу бірлестігінің» атқарушы директоры.

1995 жылы Пекиндегі «Доң Мын» емханасында сынған сүйекке операция жасау, 1999 жылы Шыңжаң медицина университетінде сынған сүйектерді таңу, салу бойынша білімін жетілдірген.

1995 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында өткен дүниежүзілік дәстүрлі емдеу ғылыми жиналысында «Уақыты өткен иық шығуды қазақы емдеу» атты баяндамасы «Алтын сауыт» сыйлығын алған, осы мақаласымен «Халықаралық ұлттық шипагерлік шолпаны» деген атаққа ие болады.

1997 жылы ҚХР мемлекеттік «1 мамыр еңбек» орденін, 2000 жылы мемлекеттік «Ғасыр аттаған шипагер» атағын алған, 2002 жылы «Жалғағыш талқаны арқылы сынық емдеуден 98 клиникалық мысал» атты еңбегі Гонконгта өткен дүниежүзілік сүйек ауруларын емдеу ғылыми талқы жиналысында халықаралық 2-дәрежелі медальмен марапатталған, 2005 жылы ҚХР-дың Мемлекет басшысы Ху Жин Таудың қабылдауында болды.

Жаңагүл Асанқызы «Сынықтың сыртынан жағылатын дәрі және оны даярлау әдісін» тауып, патенттің иегері атанды. Бұл дәрі сүйектің бітуін тездетіп, дауалану уақытын қысқартады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар