«Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды

/image/2019/06/24/crop-47_3_516x688_20190624193641.jpg

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды. Тап қазіргі уақытта бұл акция барысы «Хабар» және «Qazaqstan» арнасындағы телемарафоннан тікелей эфирде көрсетілуде, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Акция аясында Мәдениет және спорт министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аудармақ. Осы бастамаға депутаттар да қосылған. «ҚХА өкілдері мен еріктілер апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуге белсенді атсалысуда. Бұған дейін  тұрғындар өз бетімен эвакуцияланғандарға 3 мың құты су таратқан. Шымкентте гуманитарлық көмек жинайтын пункт ашылды», - деді ҚХА мүшесі Әскер Периеев телемарафонда. Осыған байланысты Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін Облыс әкімшілігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуыңызға болады.

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері

Түркістан облысы Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты, Пошта индексі   161200 БСН (БИН)   
|100440016000
«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы
ЖСК (ИИК)  
KZ7196528F0007014540 БСК (БИК)     IRTYKZKA

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар