Арыстағы жарылыс кезінде ата-анасына сәлем жолдап, қоштасқан сарбаздың видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол кейін қашып кеткен сарбаздар мен командирлерді де сынға алып видео жариялады. Жарылыс кезінде өліп кетсем, ата-анаммен қоштаса алмай қаламын ба деп қорыққан сарбаздың кім екені белгілі болды.
Исатай Әлібаев 27 жаста, Алматының тумасы. Үйленген 4 ай бұрын әке атаныпты. Әскерге 2011 жылы шақырылып, содан бері лейтенант шеніне дейін көтерілген.
Ол бастапқыда не болып жатқанын түсіне алмаған. Бастапқыда бомбалау басталды деп ойлаған.
"Оқиға шамамен 9:15-9:20 аралығында болды. Снарядтар ұшып, жарылып жатты. Бізді бомбалап жатқандай болды. Қайда жасырынсаң да еш пайдасы болмады. Барлығы бірдей қирап, құлап жатты. Әрең құтылдық. Біздің аман қалуымыз екіталай еді. Ғажайып болды!", - дейді Исатай Әлібаев.
Лейтенант 2-3 метр жерде снарядтардың жарылып жатқанын көрген кезде өлемін деп ойлаған. Мұны ол жасырмады да. Ақырғы тілегі ата-анасын қалай жақсы көретінін айтып қалу болыпты. Осылай лейтенант әлеуметтік желіде қызу талқыланған видеоны түсірген.
"Көз алдыңызға елестетіңізші. Кез келген минутта, тіпті секундта өліп кетуім мүмкін еді. Өлер алдында ата-анамды қатты жақсы көретінімді айтып, қоштасуды жөн көрдім. Солай істетім де. Кейін өз-өзімді қолға алдым. Берген антым мен киген формамды ойлап, сабырға келдім. Уәдемде тұруым керек, не болса да тұрғындарды құтқаруға тырыстым. Өзім өліп кетсем де, қолымнан келгенше қарапайым халықты құтқаруым керек деп ойладым. Өз-өзіме келген соң іске кірістім. Тұрғындарды эвакуациялауға көмектестім. Басқа да бірнеше видео түсірдім. Бірнеше жол апаты болды. Дүрбелең мен адамдардың қорқынышы жол апатына әкеліп соқты. Айғайлап, бейәдеп сөздерді айтуға тура келді. Көліктерді тоқтатып, тұрғындарды алып кетсін дедім. Кейін қалып қойған адамдарды іздестіре бастадым. Кез келген адамда қорқыныш болады. Бірақ әр адам сол қорқынышын жеңе білгені дұрыс. Менің анам 1967 жылы, ал әкем 1966 жылы дүниеге келген. Анам ауруханада жұмыс істейді. Ал әкем кәсіпкер. ", - деді лейтенант.
Пікір қалдыру