Арыс: Алматы облысында 53 гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды

/image/2019/07/01/crop-172_4_706x941_33.jpg

Арыс қаласына көмек көрсету үшін 53 гуманитарлық көмек қабылдау пунктері ашылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыс әкімінің сөзіне сөзінше Арыстағы ағайынды қолдауға жетісулықтар жұдырықтай жұмылып атсалысуда. Мәселен, бұл іске мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, кәсіпкерлер мен қоғамдық ұймдар және облыстың қарапайым тұрғындары да үн қосуда.

«Гуманитарлық көмек қабылдау пунктеріне облыс тұрғындары өз еріктерімен алғашқы қажетті азық-түлік пен заттар және қаражат жинауды ұйымдастыруда. Бүгінгі күні қабылдау пунктері белсенді жұмысқа кіріскен. Нәтижесінде, алғашқы қажетті азық - түлік, құрылыс заттары 26 маусым күні Алматы облысынан Түркістан облысының Арыс қаласына гуманитарлық көмек тиелген құны 56,4 млн. теңге болатын 10 автокөліктен тұратын бірінші керуен жетіп, табысталды. Бүгінде қосымша 17,0 млн. теңгенің заттары жинақталды», - деді Амандық Баталов.

Айта кетерлік, Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері мен бюджеттік меекеме өкілдері өз еріктерімен бір күндік еңбек ақыларын көмекке арнап, жалпы соммасы 40 млн. теңгені құраған қаржыны арнайы шотқа аударған. Бұдан бөлек, облыстың кәсіпккерлері, шаруа қожалықтары мен қоғамдық ұйымдары 50 млн. теңге көлемінде қаржыны «Түркістан»
әлеуметтік қорының есеп шотына жөнелтіпті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар