Шілде айына арналған ауа-райы болжамы

/image/2019/07/02/crop-19_33_495x660_20180620124316.jpg

Синоптиктер 2019 жылдың шілде айына арналған консультативтік ауа-райы болжамын жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kazhydromet.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шілде айында синоптикалық жағдайдың жиі өзгеруі болжанылады: батыс антициклондардың енуі оңтүстік циклондардың шығуымен ауыстырылады.

Айдың басында солтүстік өңірлерге Скандинавия аудандарынан циклон ығысады, онымен бірге дауылды жел соғады, жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр болжанады, сондай-ақ бұршақ, найзағай және дауыл түріндегі конвективті құбылыстар күтіледі.Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ауа температурасы күндіз +17+26ºС-қа дейін төмендеуі болжанады. Оңтүстікте қатты ыстықтан кейін ауа температурасы +25+33ºС-қа дейін төмендеуімен қатар нөсер жаңбыр жауады. Бірінші онкүндіктің соңына қарай ауа температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды.

Екінші және үшінші онкүндіктерде сынап бағаналары солтүстік, орталық пен шығыста түнде +10+15ºС-тан +15+20ºС-қа дейін, күндіз +25+30ºС-тан +30+38-қа дейін ауытқиды; республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батысында түнде +15+20ºС-тан+20+30ºС-қа дейін, күндіз +30+38ºС-тан +35+45ºС-қа дейін ауытқиды деп айтылған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар