Тоқаев жоғары санаттағы екі шенеунікті лауазымынан айырды

/image/2019/07/19/crop-140_1_540x720_10977849.jpg

Тоқаев бұған дейін Президенттің парламенттегі өкілдігінің басшысы Қайрат Нұрпейісовты, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен Сәуле Айтпаеваны босатқаны белгілі.

Енді міне Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрінің орынбасары Махамбет Абисатов пен Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Нұрлан Алдабергеновты да лауазымынан айырды.

Сөйтіп бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрінің орынбасары Махамбет Абисатов пен Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Нұрлан Алдабергеновті қызметінен босатты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Махамбет Хайыржанұлы Абисатов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен;

Нұрлан Шәдибекұлы Алдабергенов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды", - делінген.

Ал олардың орнына Арыстанғани Заппаров пен Арман Жұмабеков тағайындалды.

"Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Арыстанғани Расылханұлы Заппаров Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне;

Арман Дайырұлы Жұмабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар