Facebook-тің өзбек желісінде пайда болған видео бүкіл елге жаппай тарап жатыр. Онда дәрігердің екі жасар баланың өмірін қалай аман алып қалғаны суреттеледі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап
Өлдіге саналған баланы тірілтіп алған ЛОР дәрігері Сергей Тобиас туралы видеоныоның әріптесі, отоларинголог Ильхом Авлякулов желіге орналастырып, оқиғаның мән-жайын баяндаған.
"Мен "Lor Plus Servis" дәрігеріне алғысымды айтқым келеді. Ол мықты маман екен. Бүгінгі жасағаны ерлік енді. Оған бір әйел демі тоқтап, клиникалық өлімдегі екі жасар баласын алып келген. Ол кісі реаниматолог та емес, бір-ақ балаға алғашқы медициналық көмекті сәтті көрсетіп, баланы анасының құшағына тірілей қайтарған. Баланың аяқ-асты температурасы көтеріліп, аяқ-қолы дірілдеп, тынысы тоқтаған. Ебін білмейтін дәрігерлер, мұндай алақанын жаяды. Ал ол соңына дейін қолынан келгенін істеді, онысы бекер де болмады",- деп жазды Ильхом Авлякулов видеоға қоса жариялаған жазбасында.
Белгілі болғандай, Ташкенттегі жекеменшік емханаға қолындағы екі жасар баласы бар бір әйел тапырақтап жүгіріп кірген. Құтқарыңдаршы дей беріпті. Ал бала тынысы тоқтап, клиникалық өлім жағдайында болған. Балаға отоларинголог Сергей Владимирович Тобиас көмекке келген. Ол ұзақ уақыт бойына ешқандай аппараттың көмегінсіз балаға жан бітіруге тырысты. Баланың әке-шешесі шошып, кабинетке кіріп-шығып сеңдей соғылады. Бірнеше минуттан кейін дәрігер баланы көтеріп алып, анасының қолына береді. Бұл кезде балаға жан бітіп, көзін ашқан еді.
Пікір қалдыру