Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" (CISC) коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша "Азаматтық бақылау" қоғамдық мониторингін жүргізу" тақырыбында "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі бес әлеуметтік бастаманы іске асыру туралы азаматтардың пікірін зерттеуге арналған сауалнаманы Жамбыл облысы, Талас, Шу, Қордай Тұрар Рысқұлов, Меркі, Сарысу, Жуалы, Байзақ аудандары бойынша жүргізді.
Мысалы, Байзақ ауданында екінші бастама "Еңбекақысы төмен қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін салық жүктемесін төмендету" бойынша сауалнама жүргізілді. Сауалнама ең төменгі жалақы алатын, күзетші, еден жуушы, кезекшілер сынды қызметкерлерден алынып, нәтижесінде соңғы бір жылда жалақылары көтерілгенін жеткізді. Ал төртінші бастама "Шағын несие беруді кеңейту" бойынша 5 кәсіпкерден сауалнама алынса, бесінші бастама "Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру" бойынша Байзақ ауданына қарасты Талас, Үлгілі, Сеңкібай, Сарыкемер ауыл тұрғындары арасында сауалнама алынды. Олардың айтуынша газ бойынша ешқандай мәселе жоқ. Көңілдері толатынын айтып өтті.
Сарысу ауданында тұрғын үй қорының және "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында тұрғын үйге қол жеткізген азаматтардың болмауына байланысты бірінші әлеуметтік бастама «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бойынша сауалнама алу жұмыстары жүргізілмеді. Сауалнама ең төменгі жалақы алатын, күзетші, еден жуушы, кезекшілер сынды қызметкерлерден алынып, нәтижесінде соңғы бір жылда жалақылары көтерілгенін жеткізді. Үшінші бастама аясында орта кәсіптік-техникалық колледж білімгерлерінен алынды. Ал төртінші бастама "Шағын несие беруді кеңейту" бойынша өз кәсібін дөңгелетіп отырған 5 кәсіпкерден сауалнама алынды. Ал бесінші бастама "Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру" бойынша Сарысу ауданында табиғи газ кірмеген.
Осы орайда, мазалаған мәселелерді азаматтардың жауапкершілігін арттыруға J-reception.kz сайтына өзіңізді мазалаған сауалдар мен сұрақтар жолдауға болатындығын хабарлаймыз
Пікір қалдыру