80 жылдық тарихы бар облыстық перинаталдық орталықта осы кезең ішінде 300 мыңнан астам пезент дүниеге келген. Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында орталық бас дәрігерінің орынбасары Ақмарал Елмұрзаева мәлімдеді.

Бүгінгі таңда орталықта 356 адамға орын бар, 600-ден астам адам еңбек етеді. Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған және озық емдеу технологиялары қол
данылатын бұл медииналық ұйымда облыстың 12 ауданынан келген қатер тобындағы жүкті және босанған әйелдерге, сонымен қатар шамадан тыс аз салмақпен туылған нәрестелерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі." Орталыққа инвазивтік емес СИПАП (CPAP) жабдықтары, Реанимация үстелі инфузиондық және шприцтік мөлшерлеуіш, реанимация қобдишасы, пациент мониторы және де басқа медициналық құрылғылар табысталды. Жабдықтардың көпшілігі шала туылған нәрестелерді бақылауға арналған. Енді, Өскемен, Семей, Қарағанды қалаларының облыстық перинаталдық орталықтары дер кезінде емдік шараларын жүргізе алатын болады",-деді Ақмарал Елмұрзаева. Оның айтуынша, салмағы 1 кг-нан аспайтын нәрестелердің өмірге қалыптасу көрсеткіші 5% дан 24% дейін жоғарылаған.
Оған қоса орталық дәрігерлері репродуктивті денсаулық, отбасын жоспарлау және медициналық генетика мәселелері бойынша консультативтік-диагностикалық жұмыс жүргізеді. — Жыл сайын облыстық №1 перинаталдық орталықта 10 мыңнан астам әйел жатқызылып, оның әрбірі жеке көңіл бөлуді талап ететін күрделі жағдайда босанады. Биылдың 5 айында 4093 ана босанып, 4192 сәби дүниеге келді. Бұл — былтырдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 166 нәрестеге артық, — деді Ақмарал Елмұрзаева. Айта кету керек, биыл дүние есігін ашқан сәбилердің 91-і егіз болса, 4-уі – үшем.