«Өткен жылдың қорытындысы бойынша көшпелі туризм өңірде 2013 жылдың деректерімен салыстырғанда, 102,4 пайызға өсті. Бұл 30 мыңға жуық адам», - деп атап өтті ол. Кендірлі курортын дамытуға қатысты айтар болсақ, келіссөздер үш ірі инвесторлармен жүргізіліп жатқаны нақтыланды. «ҚР Инвестиция және даму министрлігі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен бірлесіп, мүдделі инвесторлар мен девелоперлермен қоса, Маңғыстау облысы әкімдігімен келіссөздер жүргізуде. Әңгіме үш ірі инвесторлар жайында: 1500 орындық екі қонақүй салу мәселесі бойынша «RixosGroup» компаниясымен, «Кендірлі» әуежайын қосқанда, сыртқы инфрақұрылымдарды салу мәселесі бойынша «CITIC Group» инвесторлық компаниясы; барша курортты дамыту мен басқаруға мүдделі мысырлық «ORASCOM» компаниясы», - деп хабарлады Гүлжан Байжауынова. Компанияның әрқайсысы, оның айтуынша, жобаларды мемлекеттік қолдау бойынша бірқатар шарттар қоюда.