Маңғыстау облысында жыл басынан бері 5 мың адам жұмыспен қамтылды

/uploads/thumbnail/0_small.jpg
Маңғыстау облысында жыл басынан бастап 5 431 адам жұмыспен қамтылды, деп хабарланды облыстық әкімдіктің ресми сайтында.

Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру  және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректеріне сүйенсек, жыл басынан бастап жұмыспен қамту органы 5431 адамды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесті: 1734 жұмыссыз адам тұрақты бос жұмыс орындарына алынды; 251 адам қайтадан құрылған жаңа жұмыс орындарына орналастырылды, оның ішінде мемлекеттік, салалық бағдарламалар, өңірлерді және жеке бизнес бастамаларын дамыту бағдарламалары, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындар міндеттемелері аясында жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ 848 адам әлеуметтік жұмыс орнына алынды;  орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының 768 түлегі жастар тәжірибесі аясында құрылған жұмыс орындарына жіберілді; 1829 жұмыссыз - қоғамдық ақы төленетін жұмысқа тартылды. «Егер өңірлер бөлігіндегі көрсеткіштерге назар салсақ, Ақтау қаласында 967 адам,  Жаңаөзен қаласында - 1472, Мұнайлы ауданында - 663, Қарақия ауданында - 504,  Бейнеу ауданында - 1060,  Маңғыстау ауданында - 366, Түпқараған ауданында - 399 адам жұмыспен қамтылды», - деп атап өтті ведомстводан.

Қатысты Мақалалар