Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттары ауыл шаруашылығын дамытып, өндірісті өрістетуге бағытталғаны жасырын емес. Бұған елді мекендердің қосып жатқан үлесі өлшеусіз. Оған Жамбыл облысы Шу ауданындағы шаруалардың тірлігі дәлел бола алады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Шу ауданы бойынша жалпы аудан көлемі - 1203030 гектар. Оның ішінде егістік - 146800 гектар болса, суармалы егістік - 32722 гектарды құрайды. Көп жылдық екпелер - 584 гектар, шабындық - 5486 және жайылымдық - 926136 гектар болып отыр. Енді осы жерлер қаншалықты ел игілігіне қызмет етуде?
2019 жылдың өнімі үшін егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі 102832 гектар, оның ішінде: жаздық арпа 21640 гектар, күздік бидай 14710 гектар, дәндік жүгері 1470 гектар, майлы дақылдар 9470 гектар, картоп 1200 гектар, қант қызылшасы 725 гектар, көкөніс 10367 гектар, бақша 8650 гектар, бір жылдық шөп 15995 гектар.
Қант қызылшасының жоспары бойынша ауданға 1500 гектар. жоспар беріліп, орындалуы 725 гектарды немесе 48,3 пайызды құрады.
Сақтандыру жұмыстары бойынша, 2019 жылдың өніміне егілген 14 710 гектар, күздік бидайдың 8986 гектар сақтандырылып, 61,08 пайызға орындалды.
Минералды тыңайтқыштарды қолдану бойынша 2019 жылға 1928 тонна жоспар беріліп, 180 тонна тыңайтқыш алынды. Сонымен қатар, 2018-2019 жылдарға 17000 тонна фосфогипс ұнтағын алу жоспарланып, 4210 тонна фосфогипс алынды.
Көктемгі егіс дала жұмыстарына 613 трактор дайын. 2019 жылдың 5 айында ауданның агроқұрылымдары 184 миллион 606 мың теңгеге 26 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды,
Ауданда құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің (АШК) бүгінгі күнге жағдайы: 2018 жылдың қорытындысымен 7 АШК тіркелген. Оның 5-уі нәтижелі жұмыс атқаруда. 2-уі несие ала алмауына байланысты жұмыстары уақытша тоқтап тұр.
2019 жылы Шу ауданы бойынша 15 кооператив құру жоспарланған. Оның 2-уі сүт бағытында, 12-сі ет, 1-уі егін шаруашылығы бағытында.
2019 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ауданда ірі қара – 43086 бас, қой-ешкі – 405345 бас, жылқы – 117163 бас, түйе – 68 бас, шошқа – 1138бас және үй құстары – 81935 басты құрап отыр.
Мал шаруашылығы бойынша 17581,8 тонна сүт сауылып, өндірілген ет 4115,8 т-ға жетсе, алынған жұмыртқа 2307,3 мың данаға жетті.
Ауданда 7 мал бордақылау алаңы және қой шаруашылығы бағытында - 7, жылқы шаруашылығы бағытында – 1 асыл тұқымды ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі жұмыс жүргізуде.
Әрине асыраушы алшаң басуы үшін ауқымды жобалар екен. Бұл тұста шулықтар ешкімнен кем түсіп жатқан жоқ.
Пікір қалдыру