Жамбылда бюджет қаржысы тиімді жұмсалып жатыр

/image/2019/08/21/crop-5_13_642x1178_byuddget-tusimi.jpg

Қазынадан қаралған қаржы мақсатты жұмсалса, жоспардың да жүйелі жүзеге асып жатқанын айғақтайды. Бұл жайлы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та баса айтып, әрбір тиынның сұрауы болатындығын ескерткен болатын. Сондықтан жамбылдықтар бөлінген бюджеттік теңгені тетігін тауып жұмсауға күш салуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жамбыл облысы Шу ауданында 2019 жылдың 1 қаңтарына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 92 коммуналдық мемлекеттік мекеме (оның ішінде –аудан әкімі аппараты-1, аудандық мәслихат-1, Шу қалалық және ауылдық округтер-19, бөлімдер-14, бөлімдерге бағынысты мекемелер - 8, білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясы арқылы қаржыландырылатын мектептер-49), 31 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (оның ішінде 6-мектептен тыс, 23-балалар бақшасы, 2-мәдениет үйі) бар және шаруашылық жүргізу құқығындағы 4 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, жарғылық капиталындағы қатысу үлесі мемлекетке тиесілі 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 29 бабын басшылыққа ала отырып, нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында аудан әкімі Қ.Досаевпен Жамбыл облысы әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Р.Исаева арасында жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсуі 106,2 пайызға және бюджет қаражаттарының жыл қортындысымен 99,9 пайызға игерілуін қамтамасыз ету мақсатында келісім жасалынған.

Аудандық бюджет - Кірістерінің жылдық жоспары 20 млрд. 333 млн. 763,0 мың теңге, 1 маусымға жоспары 6 млдр. 865 млн. 532,0 мың теңге, 1 маусымға түскені 7 млрд. 374 млн. 813,1 мың теңге, 107,4%-ға орындалып, 509 млн 281,1 мың теңге артық түскен.

Жергілікті аудан бюджеті кірістері бойынша жылдық жоспар — 2 млрд. 891 млн. 73,0 мың теңге, 1 маусымға дейінгі жоспар — 1 млрд. 170 млн. 197,0 мың теңге. 1 маусымға түскені — 1 млрд. 679 млн. 478,1 мың тенге. 143,5% -ға орындалып, 509 млн. 281,1 мың теңге артық түскен.

Трансферттердің жылдық жоспары 17 млрд. 442 млн. 690,0 мың теңге, 1 маусымға жоспары 5 млрд. 695 млн. 335,0 мың теңге, 1 маусымға түскені 5 млрд. 695 млн. 335,0 мың теңге. 100%-ға орындалған.

Шығыстар бойынша қаржылардың жылдық жоспары 20 млрд. 913 млн. 830,0 мың теңге. 1 маусымға жоспары 6 млрд. 967 млн. 874,0 мың теңге. 1 маусымға орындалуы 6 млрд. 929 млн. 205,0 мың теңге немесе 99,4%-ды құраған.

«Шу-Жылу» орталық қазандығы алдағы жылыту маусымында Шу қаласындағы 57-көпқабатты тұрғын үйге, 226 жеке үйге, 14-білім нысанына, 1 өңіраралық емханаға, 1-спорт нысанына, 4-мемлекеттік мекемеге, 50-басқа нысанға, жалпы саны 353 нысанға жылу береді.

Биылғы жылы орталық қазандықтың ағымдағы жөндеуден өткізуге жалпы 43613,5 мың теңге қаржы қарастырылып отыр. Оның ішінде аудандық бюджеттен 12538,0 мың теңге, кәсіпорын қаражатынан 31075,5 мың теңге бөлінді.

Отынмен қамтамасыз ету бойынша қазандық 2018 жылдан бастап табиғи газға қосылған. Газ пайдалану үшін жалпы 386755,0 мың теңге аударылған. Оның 201704,0 мың теңгесі «КазТрансГазАймақ» АҚ-на төленсе, қалған 185051,0 мың теңгесі кәсіпорын шотында.

Резервте 745 тонна көмір сақтаулы. Сондықтан орталық қазандық бойынша мәселе жоқ. Шу қаласында 118 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 57-сі орталық қазандықтан жылынады.

Көмірмен қамтамасыз етуге келсек, 2019 жылға қазандықпен жылытылатын 28 мектепке 4870 тонна көмірге 60875,0 мың теңгеге, пешпен жылытылатын 11 мектепке 589 тонна көмірге 11106,0 мың теңгеге, қазандықпен жылытылатын 6 балабақшаға 492 тонна көмірге 6150,0 мың теңге пешпен жылытылатын 10 балабақшаға 492 тонна көмірге 9621,0 мың теңге, қазандықпен жылытылатын 1 мектептен тыс білім беру мекемесіне 125 тонна көмірге 1562,0 мың теңгеге пешпен жылытылатын 6 мекемеге 843 тонна көмірге 15174,0 мың теңге қаржы аудандық бюджеттен бөлінген. Бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу тәсілімен мердігерді анықтау жөнінде конкурс жарияланған.

Әрине, бұның бәрі ең алдымен халықтың қамы үшін жасалып жатқаны анық. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауда да өз мақсат меңзеледі. Ендеше ел игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстар жемісті болғай.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар