Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әр Жолдауында әлеуметтің әлеуетін арттыруға басымдық бергенін ел жақсы біледі. Ал «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын жақсарту» атты Үндеуінде елдің қамы үшін қыруар тапсырмалар жүктелді. Бұл жауапкершілік пен сенім үдесінен бүгінде Жамбыл облысы шығуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жамбыл облысы Шу ауданында бүгінгі күнге халық саны 102120 адамды құраса, оның ішінде 50 323 адам экономикалық белсенді халық санатына жатады. Жұмыссыздық деңгейі 2,7 пайызды (1400адам жұмыссыз) құрады.
Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген адамдардың саны 1510 адам оның ішінен жұмысқа орналасқандар 1015 адам.
Ағымдағы жылы аудан бойынша 910 жұмыс орын ашылады деп жоспарланған. Оның 630 жаңа жұмыс орны, 280 маусымдық жұмыс орны. Бүгінгі күнге 87 жаңа жұмыс орны ашылды.
Бағдарламаның І бағыты – «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» аясында 90,7млн. теңге қаражат бөлініп, 320 адам оқыту жоспарланған. Бүгінгі күнге 85 адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді.
Бағдарламаның ІІ бағыты –«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 143 азаматқа шағын несие беру жоспарланып, 601,6 миллион теңге бөлінді.
«Бастау бизнес» жобасына кәсіпкерлік негіздеріне «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Шу аудандық филиалы арқылы 135 адам оқыту жоспарланып, бүгінгі күнге 119 азамат «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.
Бағдарламаның ІІІ бағыты – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында 587 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, оған 255080,0 мың . теңге бөлінді.
Жастар практикасына 61662,0 мың теңге қаражат бөлінді, оның ішінде жергілікті бюджеттен 20000,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 41662,0 мың теңге. Жастар практикасына 115 адамды қамту жоспарланды.
Қазіргі таңда жоспардың барлығы жүзеге асуы үшін әкімдікке қарасты құзырлы мекемелер бар күшін салуда. Және бұған еріктілер мен қоғамдық бірлестіктер, түрлі ұйымдар да жұмылдырылуда. Илеп отырған бір терінің пұшғағы, әрі мемлекеттік саясаттың басым бағыты болғандықтан бұдан шет қалып жатқан ешкім жоқ.
Оның жемісін бүгінгі меже мен нақты жоспарлар айқындау.
Пікір қалдыру