Тараз қаласындағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Кеңесті ҚХА хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы Жасөркен Жақсылық пен Жамбыл облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Юрий Минаков ашып, жүргізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі
Күн тәртібіндегі белгіленген мәселелер бойынша Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы Т.Рысқұлов, Мойынқұм ауданы әкімдерінің орынбасарлары мен облыс әкімдігі білім басқармасының «Тәрбие және қосымша білім беру» бөлімінің басшысы Гүлзира Дәрібаева баяндама жасады. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева, «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік-қарашай-балкарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Леля Узденова және сонымен қоса, «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағалары және аудан әкімдерінің орынбасарлары пікірлерімен бөлісті. Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева өзінің баяндамасында жоспарланған іс-шараларға сәйкес «Қазақтану» бағдарламасы бойынша 2018 жылы Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясында 15 іс-шара, 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында барлығы 6850 адам қатысқан 11 іс-шараның өткізілгендігі турасында атап өтіп, екінші жарты жылдыққа жоспарланған қалған 11 іс-шара жөнінде қысқаша мәлімет берді.
-2019 жылдың екінші жарты жылдығына 11 іс-шара жоспарланған. «Мәміле» клубы, шеберлердің қолөнер клубы өз жұмысын жалғастыруда. «Қазақтану» - Қазақстанның барлық этностары арасында қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын, тілін үйренуге және насихаттауға бағытталған жоба. Осы тұста жобаның жастар үшін ерекше маңыздылығын атап өткім келеді. Аталмыш жоба қазақ мәдениетінің дәстүрге бай тарихына терең үңіле білуге, көшпелі халықтың сан ғасырлық философиясын түсіну мүмкіндігіне жетелейді. Ол қазақ халқының құндылықтарын рухани қабылдау арқылы жас қазақстандықтарды біріктіруге жаңа серпін бере алады, - деді Р.Убайдуллаева.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің осы отырыстағы шешімі бойынша Т. Рысқұлов, Мойынқұм ауданы әкімі орынбасарларының және облыс әкідігі білім басқармасы басшысының атқарған жұмыстары туралы есебі назарға алынуы, облыс әкімдігінің басқарма басшыларына және Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және - «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының жүзеге асырылуы бойынша ақпараттандыру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ
Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңесі және кәсіби емес медиаторлардың жұмысын жандандыру. Осы шешімнің орындалуы туралы ақпарт 2019 жылдың 26-қарашасына дейін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығына берілуі; осы шешімнің орындалуын қадағалау облыстық ҚХА хатшылығының бас инспекторы Ж. Жасөркенге жүктелуі сынды мәселелерні алға қойылды.
Жиын соңы ҚР 2008 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына сәйкес, этномәдени бірлестіктер басшыларының есептерінің назарға алынуы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысына - этномәдени бірлестік өкілдері мен жастарына қазақ халқының танымал ғылыми, деректі, көркем фильмдердің көрсетілімдері мен талқылауларын ұйымдастыру, сондай-ақ аға буын мен жастарға аймақтық тарихи орындар мен қорықтарға саяхат жасатып, қазақ халқы тарихының ұмытылмас беттерін зерделеу туралы викторина мен интеллектуалды турнир ұйымдастыру сияқты ассамблея іс-шараларын іске асыру жөнінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешім қабылдауымен аяқталды.
Пікір қалдыру