Тоғыз айда толайым тірлік біткен

/image/2019/09/03/crop-14_4_408x774_korsetkish.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған Жолдауында жергілікті билік өкілдерінің жұмысы жіті бақылауда болатындығын айшық айтқан болатын. Әрине бұл ең бірінші әкімдердің ашықтық принципін ұстанып, бұқарамен берік байланыста болуға жол ашатыны анық. Осы орайда Әулиеаталық әкімдердің әлеуеті мен жүйелі жұмысы көңіл қонарлықтай деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтсақ, Жамбыл облысы Талас ауданында Жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі шілде айында 23 млрд. 973,2 млн. теңгені құрап, 2018 жылдың шілде айымен салыстырғанда 3 млрд. 756,8 млн.теңгеге артық орындалды (2018 жылдың шілде айында 20 млрд. 216,4 млн. теңге).

Өнеркәсіп өнімдері шілде айында 13 млрд. 850 млн. 200 мың теңгеге өндіріліп, өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 2018 жылдың шілде айымен салыстырғанда 2 млрд. 854,4 млн.теңгеге артық орындалды (2018 жылдың шілде айында 10 млрд. 995,8 млн. теңге). Нақты көлем индексі 102,3 пайыз.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар шілде айында 5 млрд. 924 млн. 500 мың теңгені құрап, 2018 жылдың шілде айымен салыстырғанда 351,1 млн. теңгеге артық орындалды (2018 жылдың шілде айында 5 млрд. 573,4 млн. теңге).

Ауыл шаруашылығы өнімі шілде айында 5 млрд. 523 млн. теңгеге өндіріліп, 2018 жылдың шілде айымен салыстырғанда 325,8 млн.теңгеге артық орындалды (2018 жылдың шілде айында 5 млрд. 197,2 млн. теңге). Нақты көлем индексі 102,7 пайыз.

Есепті кезеңде жеке және шағын кәсіпорындардағы сауда тауар айналымы 1 млрд. 002 млн. 100 мың теңгені құрап, өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда 106,9 млн.теңгеге артық орындалды (2018 жылдың шілде айында 895,2 млн. теңге). Нақты көлем индексі 105,8 пайыз.

Есепті мерзімде құрылыс жұмыстарының көлемі 3 млрд. 597 млн. 900 мың теңгені құрап, өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда 469,7 млн.теңгеге артық орындалды (2018 жылдың шілде айында 3 млрд. 128,2 млн. теңге). Нақты көлем индексі 110,0 пайыз.

Аудан бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі маусым айында 5410 шаршы метрді құрап, 2018 жылдың шілде айымен салыстырғанда 16404 шаршы метрге кем орындалды (2018 жылдың шілде айында 21814 шаршы метр).

Десе де, ауданның атқарып жатқан жұмысы аз емес. Жыл соңына дейін бұл бағыттағы бастамалар бағдарын табады деп сенеміз.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар