Халық наразылығы: Жаңаөзенге жаңа әкім тағайындалды

/image/2019/09/04/crop-65_9_595x794_055433670500.jpg

Жаңаөзен қаласының әкімі болып Мақсат Ибағаров тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Самат Сүлей мәлім етті.

Ал бұл тағайындаудың астарында не жатыр? Жаңаөзеннен кеше басталған қарсылық бүгіннен бастап, бүкіл республиканы шарлап жатыр. Қазір Алматы мен Астанада және Ақтөбеде, сонымен қатар республиканың бірқатар қалаларында наразылық акциясы жалғасып жатыр. Ал Мақсат Ибағаровтың Жаңаөзен қаласына әкім болып тағайындалуы халықтың наразылығынан кейін орын алды ма, жоқ әлде басқалай сыры бар ма?  Ол жағы енді белгісіз. Бірақ «Қытай экспансиясына» қарсылық бүгін Қазақстанның бірнеше қалаларында өтіп жатқаны, ол енді ақиқат.
Ал әкімдікке жаңадан келген Ибағаров кім?

Мақсат Оңғарбайұлы Ибағаров 1970 жылы 7 сәуірде Түрікменстан Республикасы Ташауз облысында дүниеге келді. Жаңаөзен қаласындағы мұнай және газ техникумына түсіп, 1992 жылы мұнай және газ ұңғыларын пайдалану мамандығы бойынша аталмыш оқу орнын үздік дипломмен бітірді. 1999 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік Университетін бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алды.  
Еңбек жолын 1992 жылы «Өзенмұнайгаз» өндірістік бірлестігінде скважиналарды жерасты жөндеу операторы қызметінен бастады. 1994 жылдан – скважиналарды жерасты жөндеу шебері, мұнай және газ өндіру шебері, жетекші инженер-технолог қызметтерін атқарып келді. 1996 жылы №1 МГӨБ №8 мұнай және газ өндіру цехы бастығының орынбасары, №2 мұнай және газ өндіру цехының бастығы болып еңбек етті.  2000 жылдан бастап «Өзенмұнайгаз» АҚ қарасты тәжірибелі-эксперименталдық өндірістік басқарманың бас инженері. 2001 жылдан – №2 мұнай-газ өндіру басқармасы бастығының орынбасары, бұрғылау, скважиналарды жөндеу бөлімінің жетекші инженері. 2002-2008 жылдары - №1, №3 мұнай-газ өндіру басқармасының бас инженері, №2, №4 мұнай-газ өндіру басқармаларының бастығы қызметтерін атқарып келді. 2008 жылы «Өзенмұнайгаз» ӨФ персоналды басқару және дамыту бөлімінің бастығы. 2009-2010 жылдары «Өзенмұнайгаз» ӨФ жұмысшыларының кәсіподағы» ҚБ төрағасы болып сайланып, қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысты. 2010-2013 жылдары №2 мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы.  2013 жылдан «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры болып қызмет етіп келеді.
2012 жылдан Маңғыстау облыстық Мәслихат депутаты (5 шақырылым).
Отан алдындағы ерен еңбектері үшін әр түрлі медальдармен мараппаталған.
«НұрОтан» партиясының белгісімен, «Маңғыстау мұнайына 50 жыл», «Өзен кенорнына 40 жыл», «Жаңаөзен қаласына 40 жыл», «ҚР мұнай-газ кешені қызметкерлері кәсіподағының үздігі» медальдарымен, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар