Біздің ұран бірлік пен біртұтастық

/image/2019/09/05/crop-13_117_697x1239_l_xbiosc4ny.jpg

Тараз қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестік өкілдерінің ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын талқылауға байланысты жиын өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Басқосуға этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, Аналар мен Ақсақалдар кеңестерінің жетекшілері мен мүшелері және «Жаңғыру жолы» мен «Ақ желкен» лигасының жастары қатысты.

Жиынды ең алдымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылық меңгерушісінің орынбасары Жасөркен Жақсылық ашып, Жолдаудың мән-мазмұнына тоқталып өтті.

Бұдан кейін сөз «Днипро» Украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Федор Клименкоға беріліп, ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының Елбасы Жолдауларымен саяси сабақтастығына тоқталып кетті.

- Президент Жолдауын тыңдап отырып ерекше күйге бөлендім. Яғни, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасының» жаңа үлгідегі жаңғыруын көрдім. Сондай-ақ Жолдауда кәсіпкерлерге жасалатын жеңілдіктер, түрлі тексерістерге жауапты құзырлы мекемелердің өздері жіті қадағада болатындығын, сұранысы аз штаттық бірліктердің қысқаратынын естіп ырза болдым. Бұл дегеніңіз мемлекет ашықтық приципіне көшіп, жаңа дәуірге аяқ басып жатыр деген сөз. Оған қоса Мемлекет басшысы тіл саясатына қатысты да орамды ойлар айтты. Сондықтан мен бәріңізді Президент Жолдауын қолдап, ондағы тапсырмаларды бұлжытпай орындауғ шақырамын, -деді Федор Леонтьевич.

Бұдан кейін мінберге көтерілген «Тараз қалалық Өзбек этномәдени бірлестігінің» жетекшісі Абдрахман Зайнутдинов Жолдауда азаматтардың құқықтары мен бостандығына қатысты терең ойлар айтылғанын айтты.

- Жолдаудан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың талай жыл БҰҰ сынды халықаралық ұйымдарда жұмыс жасап, тәжірибе жинақтағаны анық байқалып тұрды. Әсіресе адам құқықтары мен бостандығына қатысты Мемлекет басшысы талапты тапсырмаларын берді. Атап айтсақ, педофилия, зорлық-зомбылық сынды қылмыстардың жазасын қатайту туралы жүктеген міндеттері толықтай көңілімнен шықты. Сондай-ақ заңсыз аң аулау мен төтенше жағдайлар кезіндегі шаралар сынды ұсыныстары да көптің көкейіндегісін дөп басты. Біз Жолдауда айтылған

әрбір мәселе мен оның шешу жолдары ел ертеңі үшін жасалған құтты қадамдар деп қабылдауымыз қажет, -деді Абдрахман Юлдашұлы.

Өз кезегінде сөз алған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі Зайнуддин Махусеев Жолдауда ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты айтылған тұстарды тілге тиек етті.

Ал «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі Алина Мухтаров Жолдаудағы жастарға жасалатын қамқорлықтар жайлы сөз қозғаса, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының медиаторы Ғайни Көшекбаева Жолдау жүктеген тапсырмалар аясында облыс туризімін дамыту мен көне тарихи орындарды жаңғырту жөніндегі орамды ойларын ортаға салды.

Жиын соңында облыстық Ассамблея мүшелері Президент Жолдауын бірауыздан қолдайтындарын айтып, жүктелген міндеттерді мінсіз орындайтындарын жеткізді.

Қатысты Мақалалар