Өткен жылдың қараша айында Азов теңізінде тұтқындалған Украинаның 24 теңізшісі тұтқыннан босатылды. Олардың әрқайсысын ел президенті Владимир Зеленскийдің өзі халықтың алдында жеке-жеке қарсы алды.
Әскери теңізшілерді ұшақ трапынан қарсы алған президент Владимир Зеленский олардың әрқайсысына алғыс айтты. Отанына оралған әскерилер кейбіреулері көзіне жас алып, президентті құшақтап, бауырына қысты. Онан соң теңізшілер туған-туыстарымен қауышты.
Ескерте кетейік, осыдан бірер күн бұрын Ресей мен Украина арасында әскери тұтқындарды алмасу процесі өткені белгілі.
Пікір қалдыру