Жамбылдық мемқызметшілерге Әдеп кодексін сақтау жөніндегі дәріс өткізілді

/image/2019/09/09/crop-18_21_523x929_adep-kodeksi.jpg

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің оқу сыныбында Жамбыл облысы ТЖД Кадр саясаты бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры Алмас Жұматаетың басшылығымен «Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің арасында әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларын сақтау» және «Жол көлік ережелерін бұзуына жол бермеу» тақырыптары бойынша семинар-сабақ өткізілді.

Кадр саясаты бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры Алмас Бауыржанұлы Департаменттің жеке құрам назарына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын, мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидалары жөнінде айтып өтті.

Сондай-ақ Жамбыл облысында Әдеп кодексін бұзған мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жөнінде және қандай жауапкершіліктерге тартылғандарын айтты. Өз сөзінде А. Жұматаев мелекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятынын айтты. Сонымен қатар, қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенетінін ескертіп, мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиістігіне тоқталды.

Сонымен қатар Департаменттің жеке құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары жеткізіліп, тереңдетілген түсінік берілді.

Кадр саясаты бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Нұрдәулет Асылхан жол қозғалыс ережелерін сақтаудың және жол қозғалысы саласындағы заңнаманың талаптарын бұзбауға, қойылған жылдамдықты сақтауға, көлік жүргізген кезде ұялы телефонды қолдануға тыйым салынғаны туралы қатаң түрде тағыда еске салды. Қызметкерлер алкогольдік және нашақорлық мас күйлерінде, жол жүру ережелерін жиі бұзып көзге түскен кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жұмыстан босату жөнінде сұрақ қарастырылатыны және барлық деңгейдегі басшылар осы фактілер бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылатындары туралы ескертіп өтті.

Сондай-ақ жеке құрамға жол көлік ережелері жөнінде әр түрлі әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді және жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаларды ұстау бойынша құқық қорғау органдары қызметінің шынайы оқиғалары бейнеленген тақырыптық бейнероликті назарға ұсынылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар