Тоқаев АҚШ-қа барады

/image/2019/09/13/crop-118_15_413x735_9801673.jpg

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шет елдерге, өңірлерге сапарына қатысты айтар болсам, келесі аптада екі  өңірге – Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына сапары алдын ала жоспарланған. Уақытын қосымша хабарлаймыз", – деді Берік Уәли.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары жоспарланып отырғанын да айтты. Осы орайда Президент көмекшісі Мұрат Нұртілеуов Америкаға сапарға қатысты кейбір деректермен бөлісті.

"Өздеріңіз білесіздер, сыртқы саясатта өте белсенді жұмыс жалғастырып келеміз, сабақтастық, жаңа бастамалар бар. Келесі аптада Қасым-Жомарт Кемелұлының БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясына  қатысуы жоспарланған. Оның барысында Мемлекет басшысы климаттық саммитке қатысады. Содан кейін тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саммитке қатысатын болады. Сонымен қатар біздің жоспарда Нью-Йоркке барған кезде бірнеше америкалық іскер топтармен тиісті кездесулер бар", – деді ол.

Ескерте кетелік, БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясы 17 қыркүйекте өтеді.

inform.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар