Жамбылда 290 жаңа жоба жандануда

/image/2019/09/18/crop-7_2_305x540_biznestinh-dgol-kartasy.jpg

Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика ел келеші екені даусыз. Бұл ел Президентінің Жолдауында да баса айтылды. Осы орайда Әулиеата жерінде өңір экономикасын өрістету де оң өзгерістер бар деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға, ауыл шаруашылығы – 2,7%-ға, құрылыс – 1,2%-ға, инвестициялар – 9,9%-ға, сауда - 7,5%-ға, көлік қызметі - 1,6%-ға және байланыс қызметі - 5,4%-ға, орташа жалақы 13,7%-ға өсті. 264 мың 200 жүз шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңінен 2,2 %-ға артық.

Шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру бойынша индустрияландыру картасы аясында іске асырылып жатқан жобалардың уақтылы іске қосылуы – негізгі көрсеткіштің бірі. Сондықтан, Тараз қаласы мен аудандар әкімдері, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы мен инвесторларға қызмет көрсету орталығы жобалардың іске асырылу барысын күнделікті бақылауда ұстап, туындаған проблемалық мәселелердің жылдам шешілуіне барлық шараларды қабылдайтын болады.

Мемлекет Басшысы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында өнімділігі жоғары орта бизнеске қолдау көрсетудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырды. Бұл бағыттағы ең тиімді шаралардың бірі – индустриялық аймақтар құру.

Шу ауданында «Тараз Химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылым құрылысы аяқталуда.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы «Тараз Химиялық паркі» Басқарушы компаниясымен бірлесіп, жобаларды уақтылы іске асыру үшін, заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін болады.

Тараз қаласының аумағында республикалық маңызы бар индустриялық аймақ құру жұмыстарын аяқтау міндеті тұр.

Бүгінгі күнге тіркелген 84 мыңнан аса шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішіндегі жұмыс жасайтындарының үлесі 80,3%-ға жетті. Ол, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,4 %-ға артып отыр.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 8 айында 4,5 млрд. теңгеге 290 жаңа жоба іске асырылуда.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар