18 қыркүйек күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес "Жаңа латын әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелері" тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңесте Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының кеңесшісі, «Үш байлық» ҚБ-нің бас директоры, қоғам қайраткері – Асанғазы Оразкүл "Қазақ тілінің латын графикасына көшуінің өміршеңдігі" тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар, Нұр-Мүбарак университетінің доценті, PhD докторы – Қыдырбаев Қалдыбай "Бекітілген әліпбиді жетілдіруге қатысты ұсыныстар", Латын әліпбиі жобасын ұсынушы, математик ұстаз – Ванов Қуантқан "Емлеміздегі кейбір түйткілді мәселелер", Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің профессоры, филология ғылымдарының докторы – Қалыбай Қаламқас "Кірме сөздерді игерудің тілдік механизмін қалай жоғалттық...", Қазақ ұлттық қыздар педогогикалық университетінің профессор, филология ғылымдарының докторы – Ермекова Тыныштық "Латын қарпін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері" атты тақырыптарға қатысты ғылыми жұмыстармен таныстырды.
Семинар-кеңестің соңында қатысушыларға мемлекеттік тіл саясатына, тілдерді оқытуға байланысты материалдар таратылады және белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.
Пікір қалдыру